Қазақстан тарихындағы тұлғатану мәселелері: Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы, ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК бірлесіп 2019 жылдың 16 мамыр күні ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х. Асылбековтың 90 жылдығына арналған «Қазақстан тарихындағы тұлғатану мәселелері: Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

§ Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков – белгілі ғалым, педагог

§ Қазіргі кезеңдегі Отан тарихы ғылымындағы жаңа тұжырымдар мен көзқарастар

§ Қазақстанның тарихи демографиясының дамуы мен болашағы мәселелері

§ ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың Жеті қыры» атты мақаласындағы міндеттерді жүзеге асырудағы тарихшылардың үлесі

§ Қазақстан тарихындағы атақты Ұлы Дала тұлғаларының рөлі

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мақалаларды тапсыру мерзімі – 2019 ж. 26-сәуіріне дейін

Қатысушыларды тіркеу – 09:30, басталуы – 10:00

Өткізілетін орны: Алматы қ., Шевченко көш. 52 («Ғылым ордасы» РМК, кіші конференц-зал, 3-қабат).

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Шевченко көш., 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

Тел.: 8(727) 272-46-54

e-mail:kuka_ist@mail.ru; Gulomarova@rambler.ru

Ақпараттық хат