ҚР Жас ғалымдар-педагогтарының және оқытушыларының ІІ республикалық жиыны

Қазақстан Республикасының Жас ғалымдар-педагогтарының және оқытушыларының ІІ республикалық жиыны М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өтеді.

Іс-шараға Қазақстанның жас ғалымдары Қауымдастығының белсенділері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының Жас Ғалымдары Кеңестерінің мүшелері, сондай-ақ елдегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың өнеркәсіптік секторларының өкілдері қатысады, олар дуалды оқыту бағдарламасын жүзеге асыру және ғылыми-зерттеу жобаларында ынталандыру, жас мамандарды тарту мен қолдау бойынша серіктестер болып табылады.

Қазақстан жас ғалымдар-педагогтарының ІІ Республикалық жиынның міндеттері:

-білім және ғылым саласындағы жаңа үрдістерді дамытуға және жылжытуға пікірталас алаңын, жас ғалымдар үшін мастер-класс өткізу;

-жас ғалым-педагогтың инновациялық заманауи моделін таныту және модернизациялау, интернет-ресурстардағы білім беруді дамыту;

-облыстың және тұтастай алғанда елдің ғылымы мен техникасы саласындағы жаңашылдықты тарату және енгізу; -гуманитарлық-педагогикалық бағытындағы «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналын; «М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранттары, PhD докторанттары мен жас ізденушілердің ғылыми еңбектерінің жинағы» ғылыми журналының презентациясы; -креативті жас ғалымдардың зерттеулерін қолдау және ынталандыру;
-интеллектуалды жастарға әлеуметтік және экономикалық көмек көрсету мақсатында жастардың ғылыми ынтымақтастығы бағдарламаларын әзірлеу және стипендиялық пен гранттық зерттеу жобаларына тарту.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарар мен өтініш дайындау. Конференция бағыттары бойынша ғылыми зерттеулердің тақырыптық презентациялары, ғалымдар жетістіктерінің көрмесі жоспарланып отыр.

Барлық іс-сапар шығыстары өз қаражатынан немесе жіберуші тараптың есебінен

 

Барлық сұрақтар бойынша хабарласу бойынша:

1. 8(7252)30-05-71 PhD доктор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Ғылыми-зерттеу басқармасы директоры – Назарбек Улжалгас Бахытовна. unazarbek@mail.ru

2. 8-700-321-77-60 PhD доктор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Жас Ғалымдар Кеңесінің төрағасы –

Жакипбаев Бибол Ермуратұлы. Bibol.Ye.Zhakipbayev@mail.ru

3. 8 (7252) 21-46-77 философ.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» департаментінің директоры – Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы

4. 8 (7252) 21-06-48 М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ҒЗБ бас маманы, «Сұраншы батыр» атындағы тарихи тұлғаларды зерттеу орталығының қызметкері – Торгаутова Шолпан Аширалиевна; torgautova82@mail.ru

5. 8-701-242-95-45 PhD доктор, Жас педагог-ғылымдар қауымдастығының төрайымы, қауымдастырылған профессор м.а. ҚазМПҚУ – Әбдрайымова Мөлдір Рашидқызы

6. 8-701-763-26-99 PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а. «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ҚазМПҚУ – Балтабаева Наргиза Смайлқызы

7. 8-707-241-50-40 Жас педагог-ғалымдар Қауымдастығының хатшысы, бөлімінің жетекші маманы, ҚазМПҚУ – Чанчарова Алия Алпысбайқызы

Мерзімі: 24-25 сәуір 2019 ж.

Өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. Тауке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Ақпараттық хат