«Жастар жаңалығы» атты республикалық ғылыми жобалар байқауы

Құрметті студенттер, жас ғалымдар және оқушылар!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 2019 жылдың 4-5 сәуірінде «Жастар жаңалығы» атты республикалық ғылыми жобалар байқауы өтеді.

Байқау ЖОО, колледж студенттері мен мектеп оқушыларының арасында өткізіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты – байқауға қатысушы жас зияткерлердің теориялық және практикалық дайындықтарын сараптау, олардың шығармашылық дамуына ықпал ететін ғылым мен техниканың, өндірістің талабына сай біліктілігін жоғарылату.

Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын қағазға шығарылған және электронды түрде ұйымдастыру комитетіне алып келеді. Сараптау комиссиясынан өткен жұмыстар байқауға жіберіледі.

Жобаға қатысушылардың өтініші Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі,13, ОҚМПУ, бас ғимарат, 223 кабинетте қабылданады.

Байланыс: 8 701 338 14 33, 8700 135 72 70 (Ибрагимова Жанат Әбутәліпқызы)

Ақпараттық хат