Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті “Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайындағы кәсіпкерліктің институционалды-экономикалық парадигмалары: Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді, және конференция материалдары электронды еңбектер жинағында жарияланады.
Конференцияның мақсаты – Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында кәсіпкерліктің дамуын, сондай-ақсандық экономика мен Индустрия 4.0 даму үрдістерінталдау.
Негізгі ғылыми бағыттар (секциялар):
* Экономиканы цифрландыру жағдайындағы кәсіпкерлік: жаңа баламалар.
* Цифрландыру және туризм: шексіз мүмкіндіктер.
* Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайындағы кәсіпкерлік қызметті қаржылық қамтамасыз ету.
* Бухгалтерлік есептегі, есеп берудегі және аудиттегі сандық трансформация.
* Индустрия 4.0 жағдайындағы менеджмент: инновациялық басымдылықтар.
Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 28 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне conference_ksu_2019@mail.ru жіберуіңізді сұраймыз.
Конференция 2019 жылдың 5 сәуірінде сағ. 10.00-де экономика факультетінің экономика және халықаралық бизнес кафедрасы базасында келесі мекен-жай бойынша өткізіледі: Университетская көшесі, 28, бірінші ағымдық аудитория (1 этаж).
Конференцияның жұмыс тілдері:қазақ, орыс, ағылшын. Бір автордан 2 мақаладан артық қабылданбайды.