“Жастар және ғылым” атты ХХІІ ғылыми студенттік конференция

Құрметті әріптестер!

2019 жылдың 10-11 сәуірінде Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті студенттерді, магистранттарды және докторанттарды “Жастар және ғылым” атты ХХІІ ғылыми студенттік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы іргелі және қолданбалы ғылымның негізгі бағыттары бойынша жүргізіледі:

 Физика-математика ғылымдары

 Жаратылыстану ғылымдары

 Педагогикалық ғылымдар

 Ауылшаруашылық ғылымдары

 Филология

 Экономикалық ғылымдар

 Гуманитарлық ғылымдар

 Техникалық ғылымдар

Конференцияға ЖОО мен колледждердің студенттерін, магистранттарын мен докторанттарын шақырамыз.

Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 3 сәуіріне дейін ғылыми және инновациялық қызметті басқару бөліміне конференцияға қатысу ӛтінімінің (электронды нұсқасын) электрондық мекен-жайға otdelnauki2013@mail.ru немесе мына мекен-жайға жолдауыңызды сұраймыз: Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, ғылым бөлімі, Глинки көшесі, 20А, №7 ғимарат, 408 каб.

Өтетін орны: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің №7 корпусы (Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А).

Барлық сҧрақтар бойынша ғылыми және инновациялық қызметті басқару бӛліміне хабарласуға болады.:

Глинка к-сі, 20 а, каб. № 408,

тел. 8 (7222) 31-82-99,

электрондық пошта: otdelnauki2013@mail.ru

 

Ақпараттық хат