Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2019 жылдың 9-10 сәуірінде студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Ғылыми конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Секциялар жұмысы:
· Strength of language (қазақ филологиясы және әлем тілдері бағыты)
· Capacity of social science (әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдары)
· Information learning and STEM (ақпараттық технологиялар, физика, математика ғылымдары)
· Efficiency of teaching (педагогика және психология бағыты)
· Natural science (химия, биология, география, экология)
· Culture and ART (өнер және мәдениет саласы)
· E-S Talks (Education and Scientific Talks)
Ескерту: конференция материалдарының жинағы тек электронды түрде жарияланатынын және университеттің http://kazmkpu.kz/ вебсайтында орналасатынын хабарлаймыз. Осы талаптарға сәйкес ресімделмеген мақалалар қарастырылмайды.
Мақаланы және баяндаманы жариялау үшін төлем 1200 теңгені құрайды. Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарын таңдау құқығын өзіне қалдырады.
Өтетін орны: Алматы қ., Гоголь к-сі, 114.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Алматы қ., Әйтеке би, 99 к-сі., Бас оқу ғимараты, Ғылым бөлімі, 105 каб. Тел.: 8 (727) 237-00-31, ішкі 4031; е-mail: science@kazmkpu.kz Чанчарова Алия, Абдраймова Мөлдір.