«Қазақ тіл білімі: Қолданбалы лингвистика мәселелері» атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция

2019 жылдың 23–24-ші мамыр аралығында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде қазақ тіл білімінің лингвистикалық статистика саласының білікті маманы, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің академиялық профессоры, доцент Алмасбек Батанұлы Белботаевтың 70 жылдық мерейтойына орай «Қазақ тіл білімі: Қолданбалы лингвистика мәселелері» атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

I. Қолданбалы лингвистика: статистикалық, компьютерлік лингвистика және қазақ тілінің ұлттық корпусы мәселелері.

ІІ. Компьютерлік лингводидактика: инновациялық технологияларды оқыту үдерісінде пайдалану мәселелері.

III. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша:

1. Жаңа қазақ жазуы мәселелері;

2. Білім беру жүйесіндегі іс-тәжірибе үдерісі және оқыту әдістемесі

· Филология

· Тарих және археология

· Математика және физика

· Экономика

· Педагогика және психология

· Құқықтану

· Қолданбалы өнер т.б.

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде шығарылады. Сол себепті баяндама мәтіні түпнұсқа болып табылады және редакцияланбайды. Ұйымдастыру комитеті мазмұны мен рәсімделуі талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды жариялаудан бас тартуға құқылы.

Ұйымдастыру комитеті: Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, «Филология» кафедрасы.

Жауапты қабылдаушылар: Арқабаева Гүлнұр Ермаханқызы,Сәрсенбаева Майра Бекбосынқызы, Тұлтаева Жазира Қошмаханқызы.

Байланыс телефондары:    87776027977, 87766662687, 87473967867

Баяндама мәтіні мен оның электронды нұсқасы 2019 жылы сәуір айының 20-на дейін мына мекен-жайда қабылданады: 080000 Тараз қ., Қ.Сәтбаев көшесі, 1 «А», 3-бөлік, 2-қабат, 206-бөлме. E-mail: filologiya2015@mail.ru

Конференцияға тіркелу 2019 жылы мамыр айының 23-і күні сағ. 9.00-ден бастап жүргізіледі. Конференцияның басталуы – сағ. 10.30-да.

Ақпараттық хат