2019 жылдың 12 сәуірінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жастар жылы аясында «ЗАМАНАУИ ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ» атты студенттер мен жас ғалымдардың Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференция аясында келесі бағыттар бойынша сұхбаттық алаңдар ұйымдастырылады:
1. Білім трансформациясы жаңа әлемде әрекет етудің тұсбағдары ретінде.
Спикер – Сахариева С.Г., п.ғ.к., доцент.
2. Ғылым, білім және экономиканың ықпалдасуы.
Спикер – Абылайханова Т.А., G-Global экономикалық және заң зерттеулері орталығының жетекшісі.
3. Қазақстандық қоғамның жаңғыруы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі.
Спикер – Савчук Е.В., «Рухани жанғыру» орталығының жетекшісі.
4. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс дәуіріндегі жас ғалымдар.
Спикер – Рахадилов Б.К., ҰҚ ҰҒЗ меңгерушісі, PhD.
Сұхбаттық алаңдар сағ.11.00 Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 55 мекен-жайында орналасқан университеттің №5 оқу ғимаратында өткізіледі.
Пленарлық отырыс сағ.14.00 Өскемен қ., Қазақстан к., 55 мекен-жайы бойынша орналасқан университеттің №5 оқу ғимаратының акт залында өткізіледі.
Конференция жұмысына қатысуға студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар шақырылады.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 30 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:
– белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім;
– төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес келетін мақала;
– ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын түбіртектің сканерленген нұсқасы.
Жинақ үшін ұйымдастыру жарнасы 1500 теңге (электрондық түрі), басып шығарылған жинақ – 2500 теңге.
ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: 070020, Өскемен қ., С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34, №1 оқу ғимараты, Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, №243 каб.
Байланыс телефондары: 8 (7232) 540-311, ішкі – 135. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.
Жұмыстар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимараты (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34), №243 каб. мекен-жайында қабылданады, электронды пошта: konfer12042019@mail.ru.