«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы: өлкетанудың мәселелері мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2019 жылдың 12 сәуірінде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы: өлкетанудың мәселелері мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып, өлкетанулық мәселелері мен болашағын талқылау.

Конференцияның жұмыс түрі: іштей, сырттай        

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Конференция секцияларының тақырыптары:

· Қазақстанды географиялық, өлкетанулық және мемлекеттік бағдарламалық зерттеудің жаңа бағыттары

· Мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруда заманауи сандық технологияларды пайдаланудың жолдары мен негіздері

· Рухани-мәдени құндылықтарды жандандыруда педагогика мен психологияның орны

· Гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінен алатын білімнің өлкетану бойынша зерттеушілік дағдыларды қалыптастырудағы маңызы.

Конференция нәтижелері бойынша ғылыми еңбектердің электронды жинағы жарияланатын болады. Жинаққа халықаралық ISBN, МРНТИ индексі беріледі.

Материалдарды қабылдау мерзімінің аяқталуы – 2019ж. 26 наурыз (қоса алғанда)

Конференцияға қатысуға ерік білдірушілер 2019 жылдың 26 НАУРЫЗЫНА (қоса алғанда) дейін Hbg_kafedra@mail.ru электрондық мекен-жайға хаттың ішінде:

· мақала немесе тезистерді;

· электронды түрдегі толтырылған қатысушылардың өтінішін;

· ұйымдастырушылық салымын төлегені жөніндегі түбіртектің көшірмесін жіберуі қажет.

Конференция жинағында жариялану салымының сомасы 5000 теңге.

Мекен-жай: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков к-сі 17, тел.: 8(71430) 7-24-88, 7-13-81, факс: 7-01-87

 

Ақпараттық хат