«Әуезов оқулары -17: Әлемдік кеңістіктегі ғылым мен руханияттың жаңа серпілістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылдың 11-12 сәуір аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мем лекеттік университетінде «Әуезов оқулары -17: Әлемдік кеңістіктегі ғылым мен руханияттың жаңа серпілістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

· білім беру және мәдениет аясында инновациялық қызметке болашақ педагогтарды кәсіби тұрғыдан даярлау;

· экономиканы цифрландыру – Қазақстанның әлеуметтік – экономикасын дамыту факторы ретінде;

· тарих және қазіргі заман: өткенді сақтау, болашақты қалыптастыру;

· «Қазіргі тіл білім және әдебиеттанудың мәселелері: үштілділік пен латын әліпбиіне көшу жалпыұлттық бірлік»;

· «Ақылды технологиялар» – Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі;

· химиялық технологияларды дамытудың заманауи бағыттары, металлургия, нанотехнология және силикат материалдары;

· тоқыма өнеркәсібін дамытудың келешегі;

· тамақ инженериясы және биотехнология; транспорт, құрылысқа және машина жасауға заманауи технологияларды енгізу;

· тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

· жаңартылған энергетика, ресурстар және энергия сақтаушы технологиялар; физика-математика ғылымдары саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер, өндірісті автоматтандыру мен IT-технологиялар бәсекеге қабілетті тұлғаны психологиялық тұрғыдан тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық сауықтыру ас пектілері.

Конференция жұмысына Америка Құрама Штаттары , Ұлыбритания, Германия, Франция, Польша, Малайзия, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Беларусь, Украина елдерінің белгілі ғалымдары қатысады.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы,5.

Байланыс: +7 (7252) 21-06-48, 30-05-71

E-mail: Auezov-17@mail.ru

 

Ақпараттық хат