Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы 2019 жылдың 24 мамырында «Жоғары оқу орындарының білім беру қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы инновациялық амалдар: беталысы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысы келесі секциялар аясында жүзеге асырылады:
1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім менеджменті: инновациялар мен модельдеу мәселелері
2. Жоғары оқу орнындағы оқытуды, тәрбиелеуді және ғылымды интеграциялау мәселелері
3. ЖОО-ның білім беру қызметіндегі педагогикалық технологиялар
Конференция жұмысына қатысу үшін 2019 жылдың 6 мамырына дейін үйымдастыру алқасына материалдарды өткізу керек.
Өтетін орны: Алматы қ., Нұр Алатау шағын ауданы, Е.Рахмадиев көшесі,1б.
Басталуы: сағат 10:00
Байланыс: 8 (727) 2-679-653, 2-679-740
e-mail: academy.knb@mail.kz