«Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» тақырыбында өткізілетін «Ұлы Дала» IV Гуманитарлық ғылымдар форумы

Құрметті әріптестер!

Халықаралық Түркі академиясы Сізді 2019 жылғы 24 маусым күні Астана қаласында көрнекті ғалымдар мен танымал зерттеушілердің, халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» тақырыбында өткізілетін «Ұлы Дала» IV Гуманитарлық ғылымдар форумына қатысуға шақырады.

Форумның мақсаты:

· Әлемдік түркітану ғылымының қазіргі жағдайына, жетістіктеріне, проблемалары мен даму келешегіне талдау жасау;

· Ұлы даланың мәдени құндылықтарының адамзат өркениетінің дамуындағы рөлі мен маңызын талқылау;

· Әлемдік танымал мамандар арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту, пікір алмасу, жаһандық және өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу бойынша кеңестер ұсыну.

Форум жұмысының секциялары:

· «Түрк әлемінің генезисі – Ұлы дала тарихындағы жаңа дәуір»

· «Ұлы дала өркениеті және әлемдік мәдениетке қосқан үлесі»

· «Қазіргі түркітану: жаңа көзқарастар мен тәсілдер»

· «Еуразиядағы интеграциялық үрдістер: кеңістік пен уақыттың көкжиектері»

Жұмыс тілдері: ағылшын, орыс және түрк тілдері

Форумға қатысу сипаты:

– тікелей (жарияланым, баяндама жасау)

– сырттай (жарияланым)

Форумға қатысу үшін:

· 2019 жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына қатысу сипаты көрсетілген тіркеу өтінімін жолдау,

· 2019 жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына баяндама тезистерін немесе жарияланым үшін мақала жіберу керек.

Қатысу үшін тіркеу өтінімінің нысаны мен материалдарды рәсімдеу талаптары төменде берілген.

Мақалалар жарияланымы

Ұйымдастыру комитеті таңдап алған мақалалар форум болар алдында ғылыми жинақта жарияланады. Мақалалар автор редакциясында жарияланады. Ұйымдастыру комитеті тақырыпқа сай келмейтін немесе қойылған талаптар сақталмаған материалды техникалық редакциялау мен кері қайтару құқығын өзіне қалдырады.

Форумға қатысуға байланысты барлық шығындар (жол, қонақ үй, тамақтану) қатысушылар есебінен.

Ұйымдастырушы: Халықаралық Түркі академиясы

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 57, Бейбітшілік және келісім сарайы

Анықтама үшін телефондар: +7 (7172) 74-47-85; 57-49-82

E-mail: forum.twesco@gmail.com

Ақпараттық хат