Халықаралық студенттік пәндік онлайн олимпиада

Жаратылыстану ғылымдары факультеті жоғары оқу орындарының студенттерін 2019 жылдың 25 сәуірде өтетін студенттік пәндік онлайн олимпиадаға қатысуға шақырады.

«Экология және қоршаған ортаны қорғау» секциясын «Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг» кафедрасы ұйымдастырады.

Олимпиаданың мақсаты:

– Студенттердің экологиялық дүниетанымын қалыптастыру және мамандар дайындау сапасын жоғарылату;

– Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, өндірістік және зерттеу жұмысы үшін талантты жастарды табу және қолдау;

– Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің байланысын нығайту.

Олимпиада қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

Олимпиаданың тақырыптық бағыты:

1. Трансшекаралық суды басқару. Су қорлары мәселелері

2. Экологияның өзекті мәселелері

3. Қалдықтар. Қалдықтарды қайта өңдеу

4. Жасыл экономика – тұрақты дамуға жол

5. Экологиядағы биоиндикациялық зерттеулер

6. Қоршаған орта мониторингі

7. Биологиялық алуантүрлілік мәселелері

1. Онлайн олимпиадаға «Экология» мамандығында білім алатын 2-3 студенттерден тұратын командалар қатыса алады.

2. Онлайн олимпиада 2 кезеңнен тұрады:

1) Бірінші кезең – студенттерді тестілеу ( 40 тест сұрақтары және тапсырмалар). Тесттік сұрақтар олимпиадаға қатысушылардың электрондық адресіне жіберіледі (жергілікті уақыт бойынша 11.00, тест уақыты-40 минут).

2) Екінші кезең – жобаны қорғау. Командалар өз жобаларын gulnur_erzhanovna@mail.ru электрондық адресіне жібереді (жергілікті уақыт бойынша 12.00)

3) Студенттік пәндік онлайн олимпиаданы қорытындылаған кезде конкурс комиссиясының мүшелері жеңімпазды командалық есеп бойынша анықтайды.

4) Комиссия құрамы жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамынан алынады.

5) Студенттік пәндік онлайн олимпиадаға командалар тіркелуі үшін 2019 жылдың 10 сәуіріне дейін өтініш сканерленген түрде gulnur_erzhanovna@mail.ru. электрондық почтасына жіберілуі тиіс.

6) Студенттік пәндік онлайн олимпиадаға қатысу тегін. Пәндік онлайн олимпиада қорытындысы бойынша диплом және сертификаттар беріледі.

7) Жоғары оқу орнының конкурс комиссиясы жеңімпаздарды төмендегі ретпен марапаттайды:

1-орын – I дәрежелі диплом

2-орын – I I дәрежелі диплом

3-орын – I I I дәрежелі диплом

Олимпида өтетін орын:

Астана қаласы, Қ. Мұнайтпасов көшесі, 13, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, «Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг» кафедрасы.

 

Ақпараттық хат