2019 жылдың 19 сәуірінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және «Бәйдібек баба» республикалық қорымен бірлесіп Қазақ батыры Сіргелі Жабай батырдың туғанына 290 жыл толуына орай «Ұлы даланың батырлары – Ақ тулы С іргелі Жабай батыр» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді.
Конференция келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:
1. Ұлы даланың – Ақ тулы Сіргелі Жабай батырдың рөлі
2. Архив 2025 – жаңа деректер, Қазақстандағы гуманитарлық білімдегі өзекті мәселелері
3. Еуразиялық кеңстіктегі жаңа бағыттардағы зерттеулер: «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» іске асуы.
Конференцияға шет елдерден – Өзбекстаннан, Ресейден, Қырғызстаннан арнайы тарихшы ғалымдарының қатысуы жоспарлануда.
Аталған бағыттар бойынша конференция материалдары конференция еңбектерінің жинағында ақысыз жарияланады, үздік мақалалар «Qazaqtany» республикалық ғылыми журналында ІІІ нөмірінде ақысыз жарияланады.