«Жаратылыстану ғылымдарындағы инновациялық трендтер: өткенді сақтап, болашақты қалыптастырамыз» атты халықаралық ғылыми конференция

2019 жылғы 4 сәуірде «Жаратылыстану ғылымдарындағы инновациялық трендтер: өткенді сақтап, болашақты қалыптастырамыз» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді. Конференцияның жұмыс бағыты:

· Биология

· Химия

· География

· Гидрология

· Биотехнология

· Экология

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО оқытушылары, ғалымдар, ғылыми-зерттеу мекемелері мен əкімшілік пен қоғамдық құрылымдардың қызметкерлері шақырылады. Конференция жұмысына ҚР жəне шетелдердің көрнекті ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысады. Материалдарды тапсыру мерзімі -2019 жылдың 2 сəуіріне дейін. Конференцияға қатысу тегін. Жол жүру жəне тұру ақысын

қатысушылар өз бетінше төлейді. Жарияланым төлемақысы “Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы” журналының талаптарына сай қабылданады. Қатысуға өтінімді электрондық

пошта арқылы растауды сұраймыз.

e-mail: ruslanbox@yandex.ru

Өтетін орны: Сәтбаев көшесі,2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-әкімшілік ғимараты, 208 ауд.

 

Ақпараттық хат