«Мәдениет пен тілдердің өзара қатынасындағы аудармашылық қызмет» атты IІ халықаралық ғылыми конференция

Л.Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті филология факультеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасы студенттер мен жас ғалымдардың «Мәдениет пен тілдердің өзара қатынасындағы аудармашылық қызмет» атты IІ халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференцияның тақырыптық бағыттары:

1. Аударманың әдіснамасы мен дидактикасы

2. Көркем аударманың теориясы мен практикасы

3. Ауызша аударма теориясы мен практикасы

4. Ақпараттық аударманың теориясы мен практикасы

5. Аударманың лингвистикалық аспектілері

6. Аудармашының тілдік тұлғасы

Аталған конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 10 сәуіріне дейін электронды нұсқада өтініш, баяндама мәтіні мен ғылыми жетекшінің рецензиясы (ғылыми жетекшінің қолы жұмыс орындалған мекеменің мөрімен расталуы керек) жіберілуі қажет.

Жіберілген барлық материалдар кафедра мамандарының сараптамасынан өтеді. Өзектілігі, зерттеу жаңалығы жоқ, бөгде адамдардың ғылыми зерттеулерінің фрагменттері (плагиат) пайдаланылған материалдар конференция жұмысына қатыстырылмайды.

Материалдарды мына мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:
010008, Астана қ., Қажымұқан көшесі, 11,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (филология факультеті),
тел.: +7 (7172) 709-500, ішкі: 32-301
e-mail: tpp.nauka@gmail.com

Ақпараттық хат