Студенттердің республикалық «Шешендік өнер және сөз мәдениеті» атты сөз сайысы

2019 жылдың 20 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы білім алушыларды адамгершілік-отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі «М.Серғалиев сабақтары» аясында студенттердің республикалық «Шешендік өнер және сөз мәдениеті» атты сөз сайысын өткізеді.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады:

1-кезең. «Шешендік сөз – асыл сөздің өрнегі» Шешендіктің түрлеріне қатысты сұрақтар (ұяшық таңдау).

2-кезең. «Ұшқыр ой мен шешен тіл» Фразеологизмдердің мағынасын ашу

3-кезең. «Бабалар сөзі – ұрпаққа үлгі» Қазақ би-шешендерінің нақыл сөздерін жатқа айту

4-кезең. «Мақал – сөздің мәйегі» Мақал құрастыру; Сурет арқылы мақалды табу; Мақалды жалғастыру

5-кезең. «Шешеннің сөзі – ақылдың көзі» Блиц-сұрақтарға жауап беру

6-кезең. «Кәнеки, тілім, сөйлеші» Берілген тақырыпқа сай шешендік дау (шешенге қойылатын талапқа сай болуы керек): (тақырыптар: Бүгінгі заманның құндылығы неде? Атадан қалған асыл мұра; Ел ертеңі – білімді жастар және т.б.)

Байқау қазақ тілінде өтеді.

Байқауға қатысу үшін өтініш 2019 жылдың 18 наурызына дейін қабылданады.

Байқаудың басталуы сағат 15.00-де. Мекен-жайы: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,Оқу-зертханалық ғимарат, Қажымұқан, 11, Академик М.С.Серғалиев аудиториясы.

Өтінім төмендегі электронды адрес бойынша қабылданады: kafedra_kyaz@mail.ru

 

Ақпараттық хат