«5В011100 – Информатика» мамандығы бойынша XІ республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ақпараттық технологиялар факультетінің базасында 2019 жылдың 22-24 сәуірінде «5В011100 – Информатика» мамандығы бойынша XІ Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өтеді.

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету; қазіргі заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының «Информатика» мамандығы бойынша оқитын студенттері қатыса алады. Оқу мекемесі жіберілетін команданы өздері тағайындайды, команданың мүшелері 3 студенттен аспауы керек.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақша және орысша. Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысу үшін өтініштер

2019 жылдың 5 сәуіріне дейін қабылданады. Арнайы бланктің электрондық нұсқасын (әрбір қатысушы үшін) толтырып, olimpinf2019@mail.ru электрондық поштасына жіберу керек.

Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар:

1. Альжанов Айтуган Кайржанович – п.ғ.к., доцент, Информатика кафедрасының меңгерушісі, байланыс телефоны: 8 (707) 252 05 65.

2. Гайнуллина Индира Ильясовна – Информатика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефоны: 8 (708) 637 09 89.

Электрондық пошта: olimpinf2019@mail.ru

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайдан алуға болады: 010010, Астана қ., Пушкин көшесі 11 (АТФ ғимараты), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, 410 офис, Информатика кафедрасы.