Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінің шетел филологиясы кафедрасы Астана қаласындағы Білім беруді модернизациялау орталығымен бірге 2019 жылдың 5 сәуірінде «Гуманитарлық білім мен мәдениетаралық байланыстың дамуындағы жаңа үрдістер аясындағы шетел филологиясы мен лингводидактиканың өзекті мәселелері» VII Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.
Талқыланатын сұрақтар:
-
Қазіргі заманғы кәсіптік білім беру жүйедесіндегі шет тілдерінің рөлі мен орны
-
Лингвистикалық зерттеулердегі заманауи үрдістер мен тәсілдер
-
Сөйлеу ғылымы және мәдениетаралық қарым-қатынас
-
Гуманитарлық білім: уақыттың қиындықтары
-
Отандық және шетел әдебиеттану ғылымындағы жаңалықтар
Семинарға отандық және шетелдік жетекші ғалымдар қатысады. Семинар қатысушыларды алдын-ала келісу арқылы онлайн түрде байланыстырады. Сонымен қатар филология және лингводидактика саласындағы зерттеушілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектептер мен орта кәсіптік мектептердің мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, білім беру органдарының қызметкерлері шақырылады.
Семинардағы қолданыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз.
Материалдар семинарға дейін бөлек жинақта жарияланатын болады. Жинаққа ISBN халықаралық тіркеу нөмірі беріледі, электрондық нұсқасы университет сайтында орналастырылады.
Қатысу құны – 4000 тг. ($ 10).
Келу, кету және тұруға қатысты шығындар қатысушылардың өздерімен төленеді Қатысу туралы өтініштер 2019 жылдың 20 наурызына дейін seminar.enu2019@gmail.com электрондық поштасына («Семинар» деген атаумен) немесе Қазақстан, Астана қ., Қ.Мұңайтпасов көш. 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ., филология факультеті, шетел филологиясы кафедрасы, 222 каб. қабылданады. Ақпарат үшін телефон: 8 (7172) 709-500 (қосымша 32-318), байланысу тұлғасы – Смагулова Мархаба Гизатовна (8 701 999 73 86).
Басталу уақыты: 10.00