«Шыңғыс Айтматов – ақыл-ой шыңы» атты халықаралық форум

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заңғар жазушы, осы оқу орнының құрметті профессоры Ш.Т. Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Шыңғыс Айтматов – ақыл-ой шыңы» атты халықаралық форум өтетінін хабарлайды.

Форум барысында Қырғызстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмағұл Сааданбековтің қазақ тілінде жарық көрген «Шыңғыс Айтматовтың философиясы» атты кітабының тұсауы кесіледі.

Форум жұмысына автордың өзі, сондай-ақ ұлы жазушының қарындасы Роза Төреқұлқызы Айтматова, Қырғызстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев және ҚР Парламенті депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар қатысады.

Өтетін күні: 2019 жылғы 18 наурыз, сағат 16.00-де.

Өтетін орны: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Бас ғимараты, Ғылыми кеңес залы (№259).

 

Ұйымдастыру комитеті