5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы

Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2019 жылдың 25-27 сәуірінде өтетін 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқитын студенттері қатыса алады.

Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысу үшін өтініштер 2019 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады, арнайы бланктің электрондық нұсқасын (әрбір қатысушы үшін) толтырып, мына мекен-жайға жіберу керек: Астана қ., Пушкин көшесі 11, немесе shyryn_1986@bk.ru, kafedra_vt@enu.kz электрондық поштасына.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайдан алуға болады: Казахстан Республикасы, 010010, Астана қ., Пушкин көшесі 11 (АТФ ғимараты), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, 205 офис, Есептеу техника кафедрасы.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 70 95 00, ішкі нөмері 34-209, ұялы телефон:

8 (702) 830 76 20 – Нуржанова Айжан Бахтыбековна, Есептеу техника кафедра оқытушысы.

8 (777) 165 99 85 – Туткышбаева Шырын Сарыбайевна, Есептеу техника кафедра оқытушысы.

Олимпиадаға қатысуға байланысты шығындар (келу, кету, тамақтану, қонақжайдан орын) жіберуші жақ есебінен. Команда мүшелерінде жеке куәлік, студенттік билет және жол жүру куәлігі болуы қажет.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қазақстан республикасы, 010010, Астана қаласы, Пушкин көшесі 11, (АТФ ғимараты), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ақпараттық технологиялар факультеті, 2 қабат, офис 205.

 

Ақпараттық хат