«Жастар және заманауи мемлекет: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимыл проблемалары» атты курсанттардың (студенттердің) халықаралық ғылыми конференциясы

Жастардың патриоттық санасын қалыптастыру, шығармашылық, танымдық және интеллектуалдық қызметін ынталандыру мақсатында 2019 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған «Жастар және заманауи мемлекет: әлеуметтік-құқықтық өзара іс-қимыл проблемалары» атты курсанттардың (студенттердің) халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.

Конференция қатысушылары алдында Қарағанды облысының мемлекеттік және құқық қорғау органдары, қоғам өміріндегі жастардың рөлі және жастар саясаты мәселелері бойынша үкіметтік емес жастар ұйымдарының сөз сөйлеулері жоспарланады.