«Тұран» университеті қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарын «Экономика мен қоғамды цифрландыру: жас зерттеушілердің үлесі» тақырыбында жас ғалымдардың «ЖАС ТҰРАН-2019» республикалық ғылыми–практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырады.
Конференция «Тұран» университетінде 2019 жылдың 16 сәуірінде сағат 10.00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 16А (акт залы).
Конференцияның мақсаттары:
® жас зерттеушілердің, студенттердің, магистранттардың ғылыми және шығармашылық белсенділігін, ғылымның, бизнестің, басқарудың, құқықтың әр түрлі салаларында оларды іздеу және енгізу қызметін дамыту.;
® Алматы қ. және Қазақстан жоғары оқу орындарына арналған конференцияның ашықтығы арқасында университеттің ғылыми-білім беру кеңістігін кеңейту;
® әр түрлі жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары арасында ғылыми және іскерлік байланыстар орнату және жас зерттеушілерді ғылыми жұмысқа тарту.
Баяндамаларда келесі секциялар бойынша ғылыми-іздестіру қызметінің нәтижелері ұсынылуы мүмкін:
– экономикалық ғылымдар;
– заң ғылымдары, халықаралық құқық;
– географиялық ғылымдар, туристік бизнесті ұйымдастыру;
– филология ғылымдары, журналистика;
– философия, мәдениеттану, өнертану, кино өнері;
– тарих ғылымдары, аймақтану, халықаралық қатынастар;
– психология және әлеуметтану ғылымдары;
– физика-математикалық және техникалық ғылымдар.
Пленарлық және секциялық отырыстарға қатысқан жас ғалымдарға сертификаттар беріледі.
Баяндамалар 2019 жылдың 5 сәуіріне дейін ғана (мерзімін ұзартпай) қабылданады. Конференция материалдары тек электронды түрде жарияланады, сондықтан мақалалар ақысыз қабылданады.
Баяндамаларды келесі e-mail-ге жіберулеріңізді сұраймыз: maya60@list.ru.
Анықтама үшін телефон: 8(727) 260–40–18, 260-40-17, 260–40–00 (ішкі: 758)