«Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» тақырыбына II халықаралық ғылыми-теориялық конференция

Маңғыстау облысының әкімдігі мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2019 жылдың 28 мамырында дәстүрлі өткізіліп келе жатқан Қондыбайтану оқулары аясында «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» тақырыбына II халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Арғықазақ мифологиясын зерттеудің негізін салушы, артына мол ғылыми еңбектер қалдырған, біртуар ғалым Серікбол Қондыбайдың шығармашылығын танып білу және оның әлемдік ғылымдағы орынын айқындау.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

1. Серікбол Қондыбайдың шығармашылық мұрасы және  көшпелілер өркениетінің жаһандық әлемдегі  орны;

2. Серікбол Қондыбай шығармашылығы: білімді бодандықтан босату жолы;

3. Мифтің ақпараттық, коммуникациялық, тарихи және саяси-мәндік қызметі.

Конференция жұмысына ғалымдарды, өлкетанушыларды, докторанттар мен магистранттарды, ізденушілерді, мемлекеттік қызметкерлерді, оқытушылар мен мәдениет қызметкерлерін қатысуға шақырамыз.

Халықаралық конференция мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерінде өткізіледі. Конференцияда пленарлық, секциялық мәжілістер ұйымдастырылады.

Конференция баяндамалары 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады. Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Конференцияның ғылыми мақалалар жинағы тегін шығарылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 130000, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы.

Факс: 8(7292) 427754.

Е-mail: konbal55@mail.ru. Электрондық нұсқа міндетті.

Ұялы байланыс: +7 778 431 4625 Балсұлу Қондыбай.

 

Ақпараттық хат