Өндірістегі цифрлық технологиялар конференциясы

Yessenov University Сіздерді республикалық ғылыми-практикалық Өндірістегі цифрлық технологиялар конференциясына қатысуға шақырады.

Өтетін уақыты: 28 наурыз 2019 жыл.

Өтетін орны: Ақтау қ., 24 шағын ауданы, Yessenov University.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Негізгі мақсаты: конструктивті пікірталас пен ақпарат алмасуға, цифрлық технологияларды пайдалануда тиімді тәжірибені алмасу, индустриядағы, ұлттық экономика секторында және қазіргі заманғы білім беруде инновацияларды енгізу үшін алаң құру.

Өндірістегі цифрлық технологиялар конференциясы аясында келесі іс-шаралар өтеді:

28 наурыз 2019 жыл

930 – 1000 – Тіркелу

1000 – 1200 – Конференцияның ашылуы. Пленарлық отырысы

1400 – 1600 – Өндірістегі цифрлық технологиялар конференциясы (секция бойынша)

1600 – 1630 – Қорытындылау. Конференцияның жабылуы.

Конференция жұмысы келесі бағыттарда жүреді:

· Мұнай-газ және машина жасау салаларының заманауи проблеммалары

· Өндірістегі ақпараттық технологиялардың дамуының заманауи тенденциялары

· Білім беруді цифрландыру жағдайындағы педагогикалық өлшемдер

Конференцияға қатысу туралы өтініштер, электрондық нұсқада баяндамалар 2019 жылдың 15 наурызына дейін бағытына сәйкес электронды поштаға қабылданады немесе 130003, ҚР Ақтау қаласы 24 шағын аудан, Ш. Есенов университетінің ғимараты, Инжиниринг факультеті, Компьютерлік инжиниринг кафедрасы, 307 кабинетке хабарласыңыз.

Конференция тұралы ақпаратты интернеттен де алуға болады

http://yu.edu.kz/

15 наурыз 2019 Ж. баяндамаларды қабылдау тоқтатылады.

Байланыс: 130003, ҚР Ақтау қаласы 24 шағын аудан, Ш. Есенов университетінің ғимараты, Инжиниринг факультеті, Компьютерлік инжиниринг кафедрасы, 307 кабинет.

 

Ақпараттық хат