Танымал аудармашы Борис Наймушиннің дәрісі

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің аударма теориясы мен практикасы кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 7 наурызында ф.ғ.к., аударма теориясы мен практикасының доценті Борис Наймушиннің дәрісі өтеді.

Болгарияның София қаласындағы Жаңа Болгар университетінің ағылшын филологиясы кафедрасының меңгерушісі, English Studies at NBU ғылыми журналының бас редакторы, Еуропалық ғылыми журналдарының редакторлар қауымдастығының мүшесі. Сонымен қатар, Борис Наймушин – кәсіби аудармашы (жұмыс тілдері орыс, ағылшын, болгар) және Болгария Президенті Георгий Парвановтың аудармашысы.

Дәріс тақырыбы: «Ілеспе аударма».

Өтетін уақыты сағат: 10:00

Өтетін орын: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-зертханалық ғимараты, 821 ауд.