«Ұлытау – Қазақстандағы мемлекеттілік пен хандық билік институтының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция

Ұлт Көшбасшысы – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, «Тұран» университеті және «Ұлытау алтын мұрасы» қоғамдық қоры бірігіп 2019 жылдың 15 наурыз күні «Ұлытау – жаңа тұжырымдар мен ұстанымдар» және «Ұлытау – Қазақстандағы мемлекеттілік пен хандық билік институтының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр. 

Аталған рухани-мәдени, ғылыми-танымдық шараларға білікті тарихшы ғалымдар, саясаттанушылар, құқық саласы мамандары, ұлттық мәдениет өкілдері, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысады.