2 наурыз күні Astana Science Festival ғылым фестивалі өтеді

2 наурызда Назарбаев Университетінде Astana Science Festival ғылым фестивалі өтеді, оны British Council (Британдық Кеңес) Назарбаев Университетімен, «Ғылым қоры» АҚ-мен және OYLA ғылыми-көпшілік журналымен әріптестікте ұйымдастырады. Іс-шараның мақсаты – жастардың арасында ғылым мен технологияларды кеңінен тарату.

Іс-шараның бағдарламасы ең кең аудиторияға есептелген және оған Қазақстанда «Шеврон» компаниясымен әріптестікте өткізілетін мектеп оқушыларының арасындағы Science Stars ғылыми конкурсы және жас ғалымдарға арналған FameLab халықаралық конкурсы финалистерінің сөз сөйлеуі кіреді.

Жоғары сынып оқушылары мен студенттер ғылыми зерттеу жүргізудің этикасы, Қазақстанның жануарлар әлемін зерттеу туралы дәрістерге және ғарышты зерттеу жайындағы пікірталасқа қатыса алады. Бастауыш және орта мектеп жасындағы балалар үшін «Эврикум» шоуына және танымал өнертапқыш Алексей Иванченконың көңіл көтеретін ғылыми эксперименттеріне қатысу қызық болады.

Бұдан басқа, барлық келушілерге арнап «Ең беймәлім нәрсе» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылады, оның аясында ғылыми жаңалықтардың негіздеріне тартымды саяхат жасалады. Журналистерге, ғалымдарға және ғылымға қызығатын барлық адамдарға арнап «Ғылыми журналистика кәсіп ретінде», «Баршаға арналған ғылым: 21 ғасырдың ең маңызды ғылыми жаңалықтары», «Азаматтық ғылым: ғалым болмасаң, ғылымға қалай қатысуға болады» атты дәрістер және «Ғылыми коммуникация дегеніміз не» деген шеберлік сабағы өткізіледі.

Astana Science Festival – жастардың арасында ғылымды тарату жөніндегі Британдық Кеңестің бағдарламасының бір бөлігі. Іс-шара туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен www.britishcouncil.kz/ru/events/science-festival-astana сайтынан танысып шығуға болады.

Өткізілетін орны: Назарбаев Университеті, Қабанбай Батыр көшесі, 53 (кіретін есігі Тұран даңғылы жағынан), Бизнес мектебі, С3 блогы

Уақыты: 09.00 бастап 19.30 дейін

Қосымша ақпарат алуға арналған байланыс деректері:

Елена Сим

Британдық Кеңес

Тел.: +7 701 765 05 10

Эл.мекен-жайы: Elena.Sim@kz.britishcouncil.org