Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 2019 жылғы 29 наурызда «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасын модернизациялау» тақырыбында жоғары оқу орындары арасында магистранттар мен докторанттарға (жас ғалымдарға) арналған ғылыми-практикалық семинар өткізеді.
Семинарға қатысуға қылмыстық-процестік теориялық және тәжірибелік мәселелерін талқылауға жоғары білім беру және ғылыми мекемелердің, құқық қорғау органдарының өкілдері шақырылады.
Семинардың қорытындысы нәтижесінде қылмыстық-процестік заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізіледі. Өтініштер мен баяндамалар 2019 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады.
e-mail: 7171325@prokuror.kz
Басталуы: сағат 10:00
Өтетін орны: Ақмола облысы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16, 1 қабат, акт залы.