VI Халықаралық Түркі Әлемі Зерттеулері Симпозиумы

Баку Еуразия университетінде (Әзірбайжан Республикасы) VI Халықаралық Түркі Әлемі Зерттеулері Симпозиумы 2019 жылдың 13-15 маусым аралығында өтеді. 

Симпозиумда түркі әлемінің өзекті мәселелері, тіл, әдебиет, тарих, білім, мәдениет, өнер, байланыс, халықаралық қатынастар, аймақтық мәселелер, экономика, дін, философия, әлеуметтану, туризм, гендерлік мәселелер және жаратылыстану ғылымдары секілді салаларда пікір алмасып, келешекте Түркі Әлемінде ортақ жобалардың жүзеге асуы көзделеді. Түркі Әлемінде зерттеу жасап жүрген ғалымдардың басын қосатын бұл симпозиум Түркі әлемінің сапалы түрде зерттелуіне, ғылым әлемінде жаңа көзқарастармен пікір алмасу мүмкіндігін туғызады деп үміттенеміз.

Симпозиум туралы ақпаратты http://www.utudas.org сайтынан алып, қатысу үшін тіркеліп, мақала жіберуге болады.