Тарих факультетінің Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен 2019 жылы 27 ақпанда «Жас ғалымдардың шетелдік жарияланымы» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.
Семинардың мақсаты жас ғалымдардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту және жариялану белсенділігін арттыру болып табылады.
Семинарға жас оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қатыса алады.
Семинарда «Қазіргі ағылшын-американдық академиялық хаттың кейбір аспектілері» және «Қазақстандық тарихшылардың Scopus және Thomson Reuters базасына кіретін журналдарда жариялану тәжірибесі» сынды тақырыптар қозғалады.
Өтетін орны мен уақыты: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Тарих факультеті 324 ауд.
Басталуы: сағат 12-00