2019 жылы 22 ақпан күні № 81 «Astana English School» дарынды балаларға арналған гимназияда «Жаңартылған білім беру контекстінде оқыту тәжірибесін ұйымдастыру мен өткізудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында семинар-кеңес өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – білім берудің жаңартылған мазмұны мен талаптарын анықтау және студенттерді кәсіби даярлау кезеңінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылау.
Іс-шараны Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің Карьера және бизнес әріптестік бөлімі және Шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасы ұйымдастырады.
Семинарға университеттің, мектептердің өкілдері қатысады.
Семинар-кеңесте жаңартылған білім беру бағдарламасы, оның мүмкіндіктері, проблемалары, оларды шешу жолдары және жаңа бағдарлама бойынша студенттердің педагогикалық тәжірибеден өтуі туралы сұрақтар талқыланады.
Басталуы: сағат 11:00
Өтетін орны: Астана қ., И. Омаров көшесі, 2