“Қазақстан мультиполярлы әлемде: экономикалық сценарийлер” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар және жас ғалымдар!

Сіздерді 2019 жылы 9-10 сәуірде VI Халықаралық Фараби оқулары аясында өтетін “Қазақстан мультиполярлы әлемде: экономикалық сценарийлер” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Аталмыш конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 85 жылдығына және экономика және бизнес жоғары мектебінің 70 жылдығына арналған.

Конференцияны ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі.

Конференцияның мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның ғаламдану және технологиялық жаңғыру жағдайындағы өзекті экономикалық және әлеуметтік мәселелерін талқылау.

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

1. ХХІ ғасыр: әлемдік кеңістіктегі ұлттық экономиканың даму келешегі

2. Мультиполярлық әлемдегі басқару: үрдістер мен перспективалар

3. Мультиполярлық әлемді қалыптастыру жағдайындағы бухгалтерлік есеп және аудит

4. Жаңа қаржылық технологиялар нарығы: мәселелер мен шешімдер

Баяндама тақырыбы, аты-жөні (толық), ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, жұмыс орны және байланыс телефондары көрсетілген конференцияға қатысу өтінімдерін 5 бетке дейінгі көлемде ұйымдастыру комитеті 2019 жылдың 1 наурызына дейін finkaznu@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылдайды.

Баяндамаларды қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім 2019 жылдың 15 наурызына дейін хабарланады.

Конференция материалдары жинақта жарияланады. Өзге қалалардан келетін қатысушылардың назарына: Алматы қаласындағы көлік шығындары мен тұру шығындарын жіберуші тарап немесе қатысушы өздері көтереді.

Конференцияға қатысу және мақаланы жариялау үшін тіркеу жарнасы 5000 теңгені құрайды.

Барлық сұрақтар бойынша Тұрлыбекова Әсел Жанібекқызына хабарласуға болады.

Тел: +7 776 951 6351.

Ақпараттық хат