«TC305 мегақалалар және жаңа астаналар геотехникалық инфрақұрылы» атты бірінші ЕҰУ-ИҰУ форумы

2019 жылдың 24-26 ақпаны аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «TC305 мегақалалар және жаңа астаналар геотехникалық инфрақұрылы» атты бірінші ЕҰУ-ИҰУ форумы өтеді.

Форумға профессор Джу Мун Парк (Инчхон ұлттық университеті, Оңтүстік Корея) бастаған корейлік ғалымдар мен геотехника саласындағы мамандар делегациясы қатысады. Делегация құрамында Инчхон ұлттық университетінің профессорлары дәрістер оқиды: Еун Чул Шин (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің шақырылған профессоры), Бьюнг Гил Чой, Енг Чанг Ли, Еунге Син, Чан Сик Ли, Донгук Ким. Қазақстан атынан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сәулет-құрылыс факультетінің және геотехникалық институтының ғалымдары мен мамандары қатысады. Сондай-ақ, форум аясында «Құрылыс» және «Сәулет» мамандықтары бойынша магистрлерді дайындау үшін екі дипломдық білім туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Халықаралық форумның техникалық секцияларының отырысы 2019 жылдың 25 ақпанында сағат 9.00-дан 13.00-ге дейінгі аралықта Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде келесі мекен-жай бойынша өтеді: Астана қ., Сатпаев көшесі, 2, ОӘҒ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 259 аудитория (Ғылыми кеңес залы).