«Қазақстан экономикасы: қазіргіден болашаққа» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты э.ғ.д., профессор Кенжеғозин Марат Балғожаұлының 80-жылдығына орай оны еске алуға арналған «Қазақстан экономикасы: қазіргіден болашаққа» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция келесідей секцияларды қамтиды:

1.          Экономика ғылымының дамуындағы қазіргі заманғы үрдістер

2.          Жаһандық сын-қатерлер және әлемдік экономикалық даму

3.          Қазақстанның әлеуметтік саясатының басымдықтары және халықтың өмір сүру сапасын арттыру

4.          Қазақстанның технологиялық жаңғыруының болжамдары мен басымдықтары

5.          Индустриялды және инфрақұрылымдық даму

6.          Қазақстанның аймақтық экономикасының дамуының жаңа принциптері

7.          Ұлттық экономиканың басқару және цифрландыру проблемалары

8.          «Жасыл экономика» қалыптастыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігі

9.          Ұлттық экономиканың қаржылық тұрақтылық факторлары

10.      Пәнаралық зерттеулер және Қазақстан қоғамының рухани жаңғыруы (философия, әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану, тарих, құқық, психология, педагогика).

Конференцияға белгілі отандық және шетелдік ғалымдар, университет қызметкерлері, мемлекеттік орган, бизнес, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен қауымдастық өкілдері қатысады.

Бұл іс-шара жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады, жұмыс нәтижелері бойынша мемлекеттік билік органдарына ұсыныстар әзірленіп, оның материалдары ғылыми жарияланым түрінде жарық көреді.

Конференция 2019 жылдың 7 маусымында Алматы қ., Ғылым ордасында болады.

Анықтама телефоны: +7 727 2 61 01 75

E-mail: conference070619@gmail.com.

Ақпараттық хат