«Шоқан оқулары – 23» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция

Құрметті әріптестер!

Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2019 жылдың 26 сәуір күні «Шоқан оқулары – 23» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференцияда келесідей секциялық бөлімшелерде қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының көкейкесті мәселелері қарастырылады:

1. Шоқантану;

2. Тарих, дінтану және этнология;

3. Философия, саясаттану және әлеуметтану;

4. Жалпы педагогика;

5. Педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін жаңғырту

6. Психология;

7. Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар:

7.1.Физика және ФОӘ;

7.2.Математика және МОӘ;

7.3.Информатика және ИОӘ;

7.4.Химия және ХОӘ;

7.5.Биология және БОӘ;

8. Филология:

8.1. Қазақ филологиясы;

8.2. Орыс филологиясы;

8.3. Шетел филологиясы;

9. Өнертану;

10. Экономика;

11. Ауылшаруашылық ғылымдары;

12. Техникалық ғылымдар;

13. Энергетика;

14. Құқықтану;

15. Экология, география және табиғатты пайдалану;

16. Туризм және спорт.

17. Медициналық ғылымдар.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді (pdf-түрінде). 2019 жылдың 26 наурызға дейін ұйымдастыру комитетінің shokan2319@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін жіберулеріңізді сұраймыз.

Көрсетілген мерзімге дейін жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетімен қарастырылады. Көрсетілген мерзімнен кеш берілген материалдар немесе талаптарға сәйкес толтырылмаған материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды. Студенттердің жұмыстары қабылданбайды. Конференцияға қатысушылар үшін төленетін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай 76, 211 кабинет.

Анықтама телефоны: 8 (708) 444-20-97

E-mail: shokan2319@mail.ru.

 

Ақпараттық хат