«Тілді меңгеру үдерісіндегі жаңа технологиялар» атты тренинг

2019 жылғы 20 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің шет тілдер кафедрасы Астана қаласында АҚШ елшілігінің қолдауымен «Тілді меңгеру үдерісіндегі жаңа технологиялар» тақырыбындағы ағылшын тілінің оқытушыларына және «Шет тілі» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған тренинг өткізуді жоспарлауда.

Тренингті Вебстер университетінің ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқыту бөлімінің директоры, профессор м.а., Д.Ж. Кайсер жүргізеді. Сонымен қатар, тренингке қатысушы қонақтардың арасында Астанадағы АҚШ елшілігінің мәдениет және білім беру жөніндегі атташе орынбасары Лэнс Эриксонның қатысуы жоспарлануда.

Іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас ғимаратының 259 аудиториясында 2019 жылдың 20 ақпанында 11: 00-ден 12: 30-ға дейін өтеді.

Барлығыңызды қатысуға шақырамыз!

Барлық сұрақтар бойынша ХҚФ Шетел тілдері кафедрасына (бас ғимарат, 403 каб.) немесе 709500 (ішкі:31430) телефонына хабарласыңыздар.

e-mail: inyazfmo2020@yandex.ru