Құрметті әріптестер!
Сіздерді «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Қазақстандағы саяси-әлеуметтік ахуал және батыр Жолбарыс Торыұлы» атты тақырыппен өткізілетін ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференцияның өтетін жері мен уақыты: Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы, 18 сәуір 2019 ж.
Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:
· XIX ғ. Батыс Қазақстандағы саяси-әлеуметтік ахуал;
· Жолбарыс Торыұлының өмірі мен қоғамдық қызметі;
· ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер;
Конференция – қазақ, орыс тілдерінде өтеді.
Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары өз есебінен немесе жіберуші жақтан төленеді.
Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін келесі поштаға: kraevedkaz@mail.ru баяндамалардың мәтіндері мен қатысу өтінішін жіберу керек.
Ұйымдастыру алқасының мекен жайы: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Достық даңғылы 184/1 үй 30 офис.
Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі мағлұматтар арқылы хабарласып білдіре аласыздар:
Айболат Шамұратұлы, 87776120182
е-mail: kraevedkaz@mail.ru