«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлау: құзыреттілік, технология, инновация» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция

Құрметті әріптестер!

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 2019 жылдың сәуір айының 11-12 күндері «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлау: құзыреттілік, технология, инновация» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізеді.

Конференцияға қатысуға жоғары, жалпы білім беретін, кәсіби-педагогикалық білім беру ұйымдарының оқытушылары, ғалымдар, мектеп мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, біліктілікті көтеру орталығының педагог мамандары, социологтар, психологтар, докторанттар және магистранттар шақырылады.

Конференция педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Т. Барсайдың 70 жылдық мерейтойына арналған.

Республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияның жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

1. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі: мектеп мұғалімі және болашақ мұғалім.

2. Білім беру мен тәрбиедегі заманауи технологиялар мен инновациялық үдерістер

3. Б.Т.Барсайдың ғылыми және практикалық еңбектеріндегі математиканы оқыту әдістемесі мен болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қосқан үлесі.

Баяндамалар конференция материалдары жинағында жариялану үшін ұйымдастыру комитетінің science@atgu.kz және conference2019@bk.ru электрондық поштасына 2019 жылғы 20 наурызға дейін төмендегідей қосымшаларымен жіберілуі керек:

1. Көрсетілген формаға сәйкес сұраныс (форма тіркелген);

2. Электрондық түрдегі баяндаманың материалдары (баяндама материалдарын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беруге болады).

3. Ұйымдастыру жарнасының төленуі (Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің есепшотына «Конференцияның жұмысына қатысу үшін» белгісімен 3000 теңге төленгені туралы құжаттың көшірмесі).

Конференцияға қатысудан бас тартқан жағдайда жарна қайтарылмайды, бірақ қатысушыны ауыстыруға болады, бұл жөнінде алдын ала Ұйымдастыру комитетіне электрондық поштамен хабарлау керек. Тіркеу кезінде ұйымдастырушылық жарнаны төлегені туралы түбіртек тіркеледі.

Ұйымдастыру комитетінің шешімімен іріктелген материалдар негізінде конференция материалдарының жинағы жарияланатын болады. Баяндамалар автор тарапынан толықтай редакцияланған, грамматикалық және стилистикалық қателіктерсіз болуы тиіс.

Іс-сапар, жол, баспана, тамақтану қатысушының есебінен төленеді.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференция жұмысының Ұйымдастыру комитеті ғылыми мақалалар жинағын басып шығаруды жоспарлауда.

Конференция туралы толық мәліметтер www.atgu.kz сайтында жарияланады.

Мекен-жайы: 060011, Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы 212, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Тел: 8 7122 276341; 8 7752094857; +77781596525

E-mail: science@atgu.kz, conference2019@bk.ru

Ақпараттық хат