«Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде «ХХІ ғасырдағы отбасы және жастар проблемасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Тарих және дінтану факультеті Сіздерді 2019 жылдың 5-6 наурызында «Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде «ХХІ ғасырдағы отбасы және жастар проблемасы» – атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Ғылыми- практикалық конференция жұмысының негізгі бағыттары:

–  ХХІ ғасырдағы отбасы және гендерлік тәрбие негіздері

–  Неке және отбасы мәселелері

–  Мемлекеттік саясат және жастар проблемасы

–  Конференция қазақ, түрік, орыс, ағылшын, қытай, араб, неміс, француз, т.б тілдерде жүргізіледі.

Баяндама мәтіні түпнұсқа болып табылады және редакцияланбайды. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы электронды түрде университет сайтында шығарылады.

Талапқа сай рәсімделген баяндаманың электронды нұсқасы конференцияға қатысу туралы өтінішпен бірге (тіркеу формасы) 2019 жылдың 28 ақпанға дейін ұйымдастыру комитетінің gulbeisen@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Ақпараттық хат