««Рухани жаңғыру» бағдарламасының контексінде жоғары оқу орындарындағы жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу» атты ғылыми-тәжірибелік конференция

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы ұйымдастырып жатқан жоғары оқу орындары арасында ««Рухани жаңғыру» бағдарламасының контексінде жоғары оқу орындарындағы жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2019 жылдың 20 ақпанына дейін ұйымдастыру алқасына өтінім және тезис мәтінінің электронды нұсқасын өткізу қажет.

Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады: ҚР, Алматы қ., Бостандық ауданы, Нұр Алатау шағын ауданы, Еркеғали Рахмадиев көшесі, 1Б.

Байланыс: 8 7272 679 757

e-mail: academy.knb@mail.ru.

Өтетін орны: Алматы қ., Желтоқсан көшесі,123.

Ақпараттық хат