«Ұлы даланың жеті қыры және қазақ тілтануының міндеттері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар

2019 жылдың 14–16 ақпан аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Тілеулес Әбдіғалиеваның 75 жасқа толуына орай «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ тілтануының міндеттері» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-зертханалық ғимараты, 821 ауд.

Байланыс: 70-95-00 (ішкі:32-208), ұялы тел.: 87771612966 (Шоқабаева Салтанат Сағатқызы).