Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Талапкер-2019» ашық есік күні өтеді

2019 жылдың 23 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті орта мектептердің, орта кәсіптік мектептердің түлектерін университеттің білім беру бағдарламалары мен қабылдау шарттарымен таныстыру мақсатында Ашық есік күнін өткізеді.

Қазіргі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша жетекші орталықтардың бірі болып табылады.

Кадрларды даярлау үш деңгейлі жүйеде жүзеге асырылады бакалавр – магистратура – докторантура PhD мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.

Оқушылар мен талапкерлер:

·        Мамандық, білім беру траекториялары, оқу мерзімдері жайында, университеттің белді профессорларынан білікті кеңес алатын болады;

·        ағымдағы оқу жылында университетке түсу ерекшеліктерін, шығармашылық / педагогикалық мамандықтарға түсу емтихандарының форматы және магистратура мен докторантураға түсу шарттары туралы біледі;

·        шығармашылық және педагогикалық мамандықтарының түсу емтихандарының форматын нақтылайды;

·        университеттің жаңа оқу бағдарламаларымен танысатын болады.

Абитуриенттерге университет туралы ақпараттық материалдар таратылады.

Іс-шара қатысушылары университет студенттерімен кездесіп университеттің оқу тәжірибесі туралы ой бөліседі, университеттің мамандарынан қосымша қызықты ақпараттар алады.

Өтетін орыны: Қ. Сәтбаев көшесі, 2., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты, Акт залы.

Басталуы: сағат 10:00

Бағдарлама