«Анализдің, дифференциалдық теңдеулердің және алгебраның өзекті мәселелері» (EMJ-2019) атты халықаралық конференция

Құрметті әріптестер!

Л.Н. Гумилеватындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан) 2019 жылғы 16-19 қазанда «EurasianMathematicalJournal» журналының шығарыла бастағанына 10 жылтолуына орай «Анализдің, дифференциалдық теңдеулердің және алгебраның өзекті мәселелері» (EMJ-2019) халықаралық конференциясын өткізеді.

«EurasianMathematicalJournal» журналын (әріқарай EMJ) M.В.Ломоносов атындағы Мәскеумемлекеттікуниверситетінің (Ресей), Халықтардостығыуниверситетінің (Ресей, әрі қарай – РХДУ) жәнеПадуя университетінің (Италия) қолдауымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (әріқарайЕҰУ) 2009 жылышығара бастады. 2018 жылдан бастап журналды ЕҰУ мен РХДУ бірігіп шығаруда. Редакциялық алқада 25 елдің 60-тан астам ғалымдары бар. 2010-2018 жылдары журналда 300-ден астам ғылыми және шолу мақалалары жарық көрді. Журнал Web of Science және Scopusдерекқорларына енген, оны Mathematical Reviews (США), Zentralblatt für Mathematik (Германия) және Referativnyi Zhurnal (Ресей) рецензиялайды. ЖурналMathSciNet (АҚШ) және Math-Net.Ru порталдарында тіркелген.

Конференцияда келесі секциялар жұмыс істейтін болады:

1. Функциялар теориясы және функционалдық талдау.

2. Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физиканың теңдеулері.

3. Алгебра және модельдер теориясы.

Қатысушылардың таңдамалы баяндамалары «Eurasian Mathematical Journal» және Web of Science дерекқорына енетін Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің хабаршысы. «Математика» журналдарында жариялауға ұсынылады.

Конференция жұмысы пленарлық, секциялық және стендтік баяндамалардан тұрады. Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. Конференцияның тезистер жинағы жарияланатын болады.

Тіркелу жарнасы барлық қатысушылар үшін 15000 теңге немесе 40 АҚШ доллары, ал докторанттар, магистранттар және студенттер үшін 5000 теңге, немесе 15 АҚШ доллары мөлшерінде, ол конференция материалдарын дайындау мен кофе-брейктерді ұйымдастыруға жұмсалады.

Конференцияға тіркелу тәртібі, тіркеу жарнасын төлеу, тезистерді құрастыру ережелері, Астана қонақ үйлерінде тұру құны, сондай-ақ бағдарламалық және ұйымдастыру комитеттерінің, шақырылған баяндамашылардың құрамы кейінірек хабарланатын болады.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс мәліметтері. Мекен-жайы: 010008, Қазақстан, Астана, Сәтпаев көш., 2, ЕҰУ, механика-математика факультеті, іргелі математика кафедрасы. Эл. почта: emj2019@yandex.kz

Маңызды даталар:

31.08.2019 дейін – конференцияға тіркелу.

10.09.2019 дейін – баяндамалар тезистерін жіберу.

15.10.2019 – келу күні.

20.10.2019 – кету күні.

Осы ақпараттық хатты барлық қатысуға мүдделі мамандарға жеткізуді өтінеміз.


Құрметпен,

Виктор Иванович Буренков, профессор, EMJбас редакторы, ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы (Ресей)                 

ҚорданНаурызханұлыОспанов, ЕҰУ профессоры, EMJ редакторының орынбасары, ұйымдастыру комитетінің мүшесі (Қазақстан)