«Құқық жүйесі мен заманауи мемлекет: мәселелер, даму үрдістері және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультеті ЕҰУда (Астана қ. Сәтбаев көшесі, 2 үй) 2019 жылы 17 мамырда факультеттің құрылғанына 20 жыл толуына арналған «Құқық жүйесі мен заманауи мемлекет: мәселелер, даму үрдістері және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетіндігін хабарлайды.

Конференция жұмысы келесідей секциялардан тұрады: құқықтану және халықаралық құқық. Конференция келесідей бағыттардағы жұмыстарды қамтиды:

  1. Құқықтық мемлекет: тұрақтылық және қоғамдық жаңғыру.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтың дамуы мен қалыптасуының заманауи тенденциялары.
  3. Қылмыстық сот төрелігі: заманауи құқық жүйесіндегі дәстүрлер мен инновациялар
  4. Халықаралық құқықтың заманауи мемлекет жүйесіндегі өзгерістерге әсері.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, министрліктердің, ведомстволардың, шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, шетелдердің және еліміздің белгілі ғалымдары қатысады.

Халықаралық конференция қатысушыларының ғылыми мақалаларының жинағын   ISBN мәліметтерімен жариялау жоспарлануда. Конференцияға сырттай және тікелей қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Өзге қалалардан келіп конференцияға қатысушылардың шығындары конференцияға жіберген тараптың өз есебінен қамтамасыз етіледі.

Конференция 2019 жылы 17 мамырда сағат 10.00-де ашылады. Конференцияға қатысушыларды тіркеу 2019 жылы 17 мамырда сағат 09.00-09.45 аралығында «Күлтегін» атриумында жүргізіледі.

Конференцияға қатысу ақысыз. Конференция материалдары ISBN беріле отырып электронды жинақ ретінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің www.enu.kz сайтында жариялануы жоспарланып отыр.

Ұйымдастыру комитеті мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 010008, Астана қ., Сәтбаев к., 2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 216 кабинет, Бас оқу корпусы. Тел. 8 (7172) 709-500 (ішкі 31-218).

Ақпараттық хат