«Ғылыми дайындық» курсы

2019 жылдың 13 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде профессор Левент Алтынай (Оксфорд Брукс университеті, Ұлыбритания) «Ғылыми дайындық» атты PhD докторанттар мен жас оқытушыларға арналған семинар өткізеді. Доктор Левент Алтынай – стратегия мен кәсіпкерлік саласындағы профессор, «Қызмет саласы» атты журналдың (SSCI индекстелетін) бас редакторы. Оның ғылыми қызығушылықтары – кәсіпкерлік, стратегиялық альянстар және халықаралық бизнес.

Семинар барысында профессор Левент Алтынай шығармашылық кәсіпкерлік туралы түсінік пен білімдердің дамуына үлес қосатын, жас зерттеушілер мен жас ғалымдарды өздерінің зерттеу идеяларын әзірлеу мен дамыту бағытында қолдайды. Профессор Левент Алтынайдың жетекшілігімен бұл іс-шара ғылыми-зерттеу идеяларын құру және табысты жүргізу бойынша кеңес беру, оқыту және қолдау көрсету, бизнес-зерттеу әдістерін жетілдіру, менеджмент және SSCI индексі журналдарында мақалаларды сәтті жариялауға әкелетін басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныстарды қамтиды.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ PhD докторанттары мен жас оқытушыларды осы семинарға тегін қатысуға шақырады. Семинардың тілі – ағылшын тілі.

Онлайн тіркелу МІНДЕТТІ: https://www.creotalents.com/building-customership-research-capabilities/

Семинардың өткізілетін күні және уақыты: 2019 жыл 13 ақпан, сағ. 15:00-18:00

Өткізілу орны: Астана қ. Қажымұқан көшесі 13, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ОЗҒ 6, ауд. 511.