Ауызша аударманың алғашқы республикалық студенттік сайысы

2019 жылдың 1 ақпанында Л.Н. Гумилев ЕҰУ-дің Аударма теориясы мен практикасы кафедрасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында  «Тіл Қазына» атты 5В020700 – Аударма мамандығының студенттеріне арналған ауызша аударманың алғашқы республикалық студенттік сайысы өтеді. Бұл іс-шара шетел тілдеріне қызығушылық танытқан жастарды және аудармашы мамандығын анықтауға арналған. Астананың жоғары оқу орындарынан басқа конкурсқа қатысу үшін Павлодар, Көкшетау, Жезқазған, Қарағанды, Алматы қалаларының өкілдерін тарту жоспарланып отыр.

Өтетін уақыты: 9:00-17:00

Өтетін орны: Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, ОЗҒ, 303, 304, 305, 307, 320 дәрісхана.