«Жаңа дәуірге дейінгі түркілер: Шумер, Ежелгі Египет, Ежелгі Рим» атты халықаралық конференция (дөңгелек үстел)

Қазақ жері ежелден мәдениеттердің өзара әрекеттесуінің және өзара байланысының торабы болды. Осыған орай Қазақстан Республикасы бастамашы болған «2013-2022 жж. мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» аясында үстіміздегі жылдың мамыр айының соңында «Жаңа дәуірге дейінгі түркілер: Шумер, Ежелгі Египет, Ежелгі Рим» атты тақырыпта халықаралық конференция (дөңгелек үстел) өтеді.

Іс-шараның мақсаты түркі тілдерінің және түркі халықтарының шығу тарихын зерттеу. Сондай-ақ олардың Еуразияның басқа халықтарының мәдениеттері мен тілдерінің арасындағы өзара қарым-қатынасын анықтау.