«Еуразия көшпенділерінің тарихы және мәдениеті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының көрнекті қоғам қайраткері, түркітанушы, профессор Қойшығара Салғараұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Еуразия көшпенділерінің тарихы және мәдениеті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның жұмыс күндері: 2019 жылдың 17-18 мамыры.

Конференция барысында төмендегі секциялардың жұмысы жоспарлануда:

1. Секция: Тарих, археология және этнография;

2. Секция: Түркі әлемінің дипломатиясы және саясаты;

3. Секция: Фольклор, әдебиет және өнер;

4. Секция: Диахрониялық және синхрониялық түркі тілдері.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын.

Баяндамалардың ұзақтығы: пленарлық мәжілісте – 20 мин., секцияларда – 15 мин.

Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 31 наурызға дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетіне мына электронды пошта kafedra_turk@enu.kz арқылы төменде көрсетілген тізімдегі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Конференцияға қатысуға арналған өтінім (1-қосымша)

2. Баяндама материалдары (2-қосымша)

3. Жарияланымның төленгендігі туралы сканерленген түбіртек (3-қосымша)

Авторға (конференция қатысушысы) оның материалдарының қабылданғандығы туралы хабарлама 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін жіберіледі. Рецензиядан өтіп, қабылданған баяндамалар конференция қарсаңында жария етіледі. Конференция жұмысына сырттай қатысу қарастырылады.

Анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 70-95-00 (ішкі 31-427; 31425).

Конференция қатысушысының ұйымдастыру жарнасы:

Қазақстандық қатысушылар үшін 4000 теңге, ТМД елдерінен қатысушылар үшін 30 доллар және алыс шетелдердегі қатысушылар үшін 50 доллар ұйымдастырушылық жарнасы конференция басталғанға дейін есепшотқа аударылуы тиіс.

Төлем «Сбербанк России» АҚ-ның (Астана қаласы) бөлімшесі арқылы Иманбай Асылдың есепшотына аударылады. Банктік реквизиттер төменде көрсетілген (3-қосымша). Аталған сомаға жинақтың бір данасының құны кіреді (автор санына байланысты емес).

Іссапар шығындары жіберуші тараптан немесе конференцияға қатысушының есебінен жүргізіледі.


Ақпараттық хат