«Сәдуақас Ғылмани және Ұлы даланың ғұламалары» атты халықаралық конференция

2019 жылдың 15 ақпанында «Сәдуақас Ғылмани және Ұлы даланың ғұламалары» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

– Сәдуақас Ғылманидың өмірі мен шығармашылығы (1890-1972);

– Қазақстандағы Ислам мәдениетінің тарихы;

– Ислам зияткерлік дәстүрін зерттеу әдіснамасы;

– жазба теологиялық мұраны зерттеу – гуманитарлық ғылымның өзекті тұжырымдамасы;

– жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, араб графикасымен жазылған қолжазбаларды каталогтандыру мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, ағылшын және орыс тілдері.

Зерттеушілерді, оқытушы-профессорларды, білім беру ұйымдарының басшыларын, тәжірибелі мамандарды және докторанттар мен магистранттарды конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі өзіндік орны бар дін ғұламаларының өмірі мен шығармаларын зерделеу. Конференция соңында Сәдуақас Ғылманидың кітабының тұсаукесері болады. Іс-шара қорытындысы бойынша ғылыми еңбектердің жинағы шығарылады. Конференция жұмысы алқа мәжілісі мен тақырыптық секцияларға бөлінеді.

Конференцияға қатысу өтініші мен мақала мәтіндерін 2019 жылдың 29 қаңтарына дейін ұйымдастыру комитетінің kenshe76@mail.ru, tomash_gs@mail.ru, электронды пошталарына жіберулеріңізді сұраймыз.

Мақалалар көлемі шектелмейді.

Мақаланы безендіруде ескеруіңізді сүраймыз:

Жарияланымға автордың тұпнұсқа мақаласы мен өтінішін жіберіңіз. Өтінішті толтыру үлгісі ақпараттық хатта көрсетілген. Мақалаға қоса мақаланың қысқаша мазмұнын, түйінді сөздер және пайдаланған деректер, әдебиет тізімін жіберіңіз.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,   Сәтпаев көшесі 2, 208, Президент залы; «Отырар» кітапханасы

Барлық сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетінің үйлестірушілеріне хабарласыңыздар: (tomash_gs@mail.ru, 87018448799.,    kenshe76@mail.ru, 87775771481, вн. 35-216).

Ақпараттық хат